• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Желтоқсан, 2021

Шымкент барлық көрсеткіш бойынша оң өсім көрсетті

457 рет
көрсетілді

Биылғы жылдың 11 айында елімізде құрылыс саласына инвестиция тарту 2,1 есеге артты. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Үкімет отырысы аясында баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Министрдің айтуынша, инвестициялар құрылыс саласында - 2,1 есеге, өңдеу өнеркәсібінде - 50,5, ауыл шаруашылығында - 40,5, саудада - 34,2, жылжымайтын мүлікпен операциялар саласында - 18,6 және қаржы саласында - 14,2%-ға өскен.

«Өңірлер арасында ең жоғарғы көрсеткіш Шымкент, Алматы қалаларында және Ақтөбе мен Павлодар облыстарында байқалуда», деп қосты Әсет Ерғалиев.

Барлық көрсеткіштер бойынша оң өсу Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау және Павлодар облыстары мен Шымкент және Нұр-Сұлтан қалаларында тіркелді.

Айта кетсек, 11 ай ішінде Шымкенттегі өндіруші салалардағы инвестициялық белсенділік 55,2%-ға артқан. Тұрғын үйді пайдалануға беру де 63,6%-ға өскен. Аталған екі санат бойынша Шымкент қаласы республикада көш бастап тұрса, құрылыс секторында өсу қарқыны бойынша алғашқы бестікке енді.