• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 09 Желтоқсан, 2021

Бразилия 2022 жылы карнавал өткізбеуі мүмкін

413 рет
көрсетілді

Бразилия билігі келесі жылы коронавирустың жаппай өршуіне жол бермеу үшін жыл сайын өткізілетін карнавалдан бас тартуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бразилия Денсаулық сақтау министрлігі Рио-де-Жанейрода әйгілі карнавалды тойлауға қарсы. Бұл туралы COVID-19-ға қарсы төтенше департаментінің басшысы Розана Лейте де Мело айтты, деп хабарлады RG.ru.

Мело Депутаттар палатасының Туризм жөніндегі комиссиясының отырысы барысында осындай мәлімдеме жасады. Ол бразилиялықтар арасында вакцинацияның жоғары деңгейіне қарамастан, азаматтар бұқаралық іс-шараларды өткізуді шектейтін ДДСҰ ұсыныстарын ұстануы керек екенін атап өтті.

«Біз қазір пандемия жағдайында өмір сүріп жатқанымызды ұмытпауымыз керек. Карнавал, әрине, бәрімізді біріктіретін мереке, бірақ сонымен бірге іс-шараның форматы адамдар арасындағы қашықтықты сақтауға және бетперде киюге мүмкіндік бермейді. Вакцинацияның толық курсынан өткен адам да коронавирусты қайтадан жұқтыруы мүмкін», деді Розана Лейте де Мело.