• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Пікір 10 Желтоқсан, 2021

Білімнің жүгі салмақты

460 рет
көрсетілді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Egemen Qazaqstan» газетіне шыққан «Тәуелсіздік тағылымы» атты тәлімі мол мақаласын ойлана оқыдық. Расымен де, Тұңғыш Президент айтқандай, Тәуелсіздікті жариялау оңай емес, оны бүкіл әлемге мойындату одан да қиын. Мұның бәріне терең парасат-білім мен табанды еңбектің нәтижесінде қол жеткіздік.

Қол жеткізген егемендікті сақтап қалу жолындағы жанкешті жұ­мыс тағы бар. Тәуелсіздіктің тұғы­рын биік­тетуде білімнің жүгі салмақты. Өйт­кені Елбасы тілге тиек еткендей, жаһанды жайлаған індет еңбек нары­ғына айтарлықтай жаңа өзгерістер әкел­ді. Роботтар адамдарды алмастыра бас­тады. Ендігі жерде жаңа мамандар, мүлде жаңа дағдыны игерген ұрпақ керек. Алдағы уақытта білім беру саласы да жаңа заманның сұранысына сай бағыт алып, жаңартылып, өзгеріп отыруға тиіс.

Мұндай жаңа бағытқа бетбұрыс білім саласында қазірдің өзінде бай­қалып келеді. Соның бірі ретінде мек­теп­тердегі оқу бағдарламасына биыл­­дан бастап енгізілген «Компью­терлік сауаттылық» пәнін атауға болады. Барлық білім беру жүйесінің іргетасы балабақшада қаланады. Бала мектептегі қазіргі бағдарламаға ілесіп, қиналмай алып кетуі үшін оны балабақшадан бастап жаңа жүйеге бейімдеу қажет. Түптеп келгенде мектепке дейінгі білім берудің негізгі міндеттерінің бірі – балаларды мектепке дайындау.

Ал осы міндетті Тұңғыш Прези­дентіміз Н.Назарбаев жоғарыдағы маз­мұнды мақаласында атап өткен робот техникасы инженері, киберқауіп­сіздік маманын даярлау арқылы орын­дау үшін бүгінгі жас ұрпаққа жаңа дағ­дыны сіңіре берген абзал. Бұл жұ­мысты неғұрлым ертерек қолға алсақ, соғұрлым жемісті болатыны анық. Қазірдің өзінде еліміз­дің бір­қатар балабақшаларында робот тех­ника­сы­ның қарапайым элемент­терін үйретеді. Оны оқытатын маман да даяр­ланған болуы тиіс қой. Біздің педаго­гикалық жоғары колледжіміздегі «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» маман­дығының студенттері World Skills Kazakhstan чемпионатына қатысты. Соның нәтижесінде біз болашақ тәр­биешілерге «Амина» педаго­ги­калық шығармашылық орталығы­мен бірлесіп, робот техникасын оқытуды бастағалы отырмыз. Болашақта осы және компью­терлік сауаттылық бағытындағы сағаттар санын арттырған абзал. Бұл мәселені, әсіресе, педагогикалық колледждер мен университеттер назарға алса игі.

 

Ғазиза ДІЛМАНОВА,

М.Мәметова атындағы педагогикалық жоғары колледжінің арнайы пән оқытушысы