• RUB:
    5.53
  • USD:
    471.46
  • EUR:
    504.79
Басты сайтқа өту
Әлем 10 Желтоқсан, 2021

Жол апатынан 53 адам қаза тапты

212 рет
көрсетілді

Мексикада жүк көлігі жол апатына ұшырап, қайғылы оқиға салдарынан 53 адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мексиканың оңтүстік-шығысында болған жол апатында мерт болғандардың барлығы мигранттар екені анықталды.

«Мигранттарды тасымалдайтын көліктің Чиапас штатының Тустла-Гутеррес қаласында аударылуы нәтижесінде кем дегенде 53 адам қайтыс болып, 58 адам жарақат алды», деп хабарлады Чиапас азаматтық қорғаныс қызметінің бас директоры Луис Мануэль Гарсия ел басылымдарына берген түсіндірмесінде.