Синоптиктер 11-13 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Қазақстанның солтүстік және шығыс жартысында алғашқы аяздың соңын ала солтүстік-батыстан кезекті антициклон келеді. Ол алдымен батысқа, содан кейін Қазақстанның солтүстігіне суық ауа температурасының жаңа толқынын алып келеді. Бірақ бұрынғыдай қатты аяз емес. Бұл аймақтарда түнгі уақытта термометр бағаны минус 15-25 градусқа дейін төмендейді. Тек оңтүстік аймақтарда әлі жылы болады. Оларға оңтүстік циклон әсер етеді, ол мол жауын-шашын әкеледі, көктайғақ болуы мүмкін, алайда ауа температурасы қолайлы болып қалады», делінген болжамда.