Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің Құрметті төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевқа кеңестің дамуына қосқан үлесі үшін алғыс айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің Құрметті төрағасы, Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа ЖЕЭК-тің жұмысына конструктивті қатысқаны үшін және Еуразиялық интеграцияның дамуына қосқан үлесі үшін алғыс айтамын», деді ҚР Президенті Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында.
Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасының ынтымақтастық бағытындағы елеулі рөлін айтты Өз кезегінде ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Назарбаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің Құрметті төрағасы ретінде жұмысын жалғастыруға дайын екенін атап өтті.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бейнебайланыс форматында өткен іс-шараға байқаушы елдер – Куба, Молдова, Өзбекстанның басшыларына да алғысын жеткізді.