Нидерланды елінде бес жастан он бір жасқа дейінгі балаларды коронавирусқа қарсы вакциналау ұсынылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Нидерландының Денсаулық сақтау кеңесі Үкіметке 5-11 жас аралығындағы барлық балаларды коронавирусқа қарсы вакциналаудың маңызын түсіндірді», делінген елдің денсаулық сақтау министрі Хуго де Йонгке жолданған ресми хатта.
Бұған дейін Нидерландының Денсаулық сақтау кеңесі созылмалы аурумен ауыратын 5-11 жастағы балаларға арналған вакцинасын ұсынған болатын.