• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Желтоқсан, 2021

Қызылордада өңір дамуына үлес қосқандарға мемлекеттік наградалар табысталды

423 рет
көрсетілді

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың қатысуымен ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына арналған салтанатты шара өтті, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Жиында мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан үлесі үшін сырбойылық еңбек ардагерлері мен бірқатар азаматтар марапатталды.

Өңір басшысы Тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктерге тоқталып, түрлі саладағы азаматтардың аймақ дамуына қосқан сүбелі үлесін тілге тиек етті.

 

Мерекелі кездесуде аймақ басшысы еңбегі еленіп, марапат төрінен көрінген азаматарға мемлекеттік наградаларды табыс етті.

Атап айтсақ, Сыдария аудандық сайлау комиссиясының төрайымы Балшекер Өтегеноваға «Құрмет» ордені, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ғалым Баймырзаевқа «Ерен еңбегі үшін» медалі берілді. Ал, «ҚР Құрмет грамотасын» Қазалы аудандық сайлау комисиясының хатшысы Мұратбай Әбубәкір алды.

Мұнан бөлек, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына сіңірген еңбегі үшін 26 азаматқа Президент Жарлығымен бекітілген ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекелік медалі табысталды.