• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 13 Желтоқсан, 2021

Көпқабатты үйдегі өрттен бір адам ауруханаға түсті

281 рет
көрсетілді

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында көпқабатты үйдің үшінші қабатындағы пәтерден өрт шыққан, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Оқиға орнына шұғыл жеткен құтқарушылар барлау кезінде түтін тұмшалаған бөлмелердің бірінен ес-түссіз жатқан ер адамды тапты. №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері Абылай Адасханов пен Асхат Смағұлов жедел жәрдем келгенге дейін оған алғашқы медициналық көмек көрсетті. Содан соң 1958 жылғы азамат ауруханаға жеткізілді»,  деп жазылған ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Құтқарушылар көпқабатты үйден 11 тұрғынды эвакуациялады. Оның ішінде 1 бала бар. Қазіргі таңда жалпы ауданы 25 шаршы метрге жеткен қызыл жалын сөндірілді.

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.