• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 13 Желтоқсан, 2021

Техаста атыстан бір адам қаза тапты

230 рет
көрсетілді

АҚШ-тың Техас штатындағы атыс кезінде бір адам мерт болып, он үш адам түрлі деңгейде жарақат алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Оқиға салдарынан жарақат алған азаматтардың саны он үш адамға жетті. Бір адам қайтыс болды. Жарақат алғандардың үшеуінің жағдайы өте ауыр. Қалғандарының өміріне қауіп төніп тұрған жоқ», деп хабарлады жауапты орган өкілі.

ABC телеарнасының хабарлауынша, атыс екі апта бұрын өз үйінде қайтыс болған жас жігітті еске алуға арналған жиын барысында болған. Еске алу жиынына елу адам келген. Ал атысты көлікпен өтіп бара жатқан бейтаныс адам бастаған.