Биыл мемлекет және қоғам қайраткері, академик Салық Зимановтың туғанына – 100 жыл. Осыған орай бүгін Атырау қаласындағы №37 орта мектепке Салық Зимановтың есімі беріліп, білім ордасының алдында еңселі ескерткіші ашылды.
Салтанатты іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Нариман Таушев, Парламент Сенатының депутаты Бақытжан Тұрсынұлы, Парламент Мәжілісінің депутаты Нәзилә Раззак, қоғам қайраткері Ирак Елекеев, Атырау облыстық сотының төрағасы Бауыржан Жұмағұлов, Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің кеңесшісі Сәрсенбай Еңсегенов, Салық Зимановтың келіні Жанна Зиманова қатысты.
Заңғар заңгер Салық Зимановқа қойылған ескерткіштің авторы – мүсінші Бақытбек Мұхаметжанов. Ескерткіш қоладан құйылған. Жалпы биіктігі – 4,1 метр, ескерткіш биіктігі – 2,50, тұғыры – 1,60 метр.