«Қазгидромет» РМК 14-16 желтоқсан аралығындағы ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Қазақстан аумағының басым бөлігінде күн райын, солтүстік-батыс антициклоны айқындайтын болады. Ол температураның қысқа мерзімге төмендеуіне және жауын-шашынның тоқтауына алып келеді.
Республиканың оңтүстік өңірлері әлі де циклондардың фронталды аймағында болады – мұнда жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, көктайғақ, тұман күтіледі. Алайда кезеңнің соңына қарай солтүстік-батыс антициклон осы өңірлерді де қамтиды.
Осыған байланысты мұнда да температураның төмендеуі және жауын-шашынның біртіндеп тоқтауы болжанады.
Мереке қарсаңында батыс өңірлерге Скандинавия аймақтарынан циклон жырасы әсер ете бастайды жауын-шашын, көктайғақ болжанады», делінген синоптиктер мәліметінде.