Ұлыбританияда коронавирустық инфекцияның «омикрон» штамын жұқтырған адам қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Өкінішке қарай коронавирустық инфекцияның жаңа штамын жұқтырған бір азамат ажал құшты», деді Премьер-министр Борис Джонсон.
Осы уақытқа дейін «омикрон» штамын жұқтырған адамның қайтыс болғаны туралы ақпарат тараған жоқ. Бұл – ресми расталған алғашқы өлім.