Қаржылық мониторинг агенттігінің елордалық департаменті іздеудегі аумақтық департаменттің тергеу басқармасы басшысының бұрынғы орынбасары Д.Қайырбековті ұстады.

Оған қатысты лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану фактісі бойынша қылмыстық іс тергелуде.
Қазіргі уақытта күдікті Нұр-Сұлтан қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.