Танымал қазақстандық ММА шебері Арман Әшімов жалаң жұдырықпен өткізген алғашқы жекпе-жегінде бокстан Украина чемпионы, әлем чемпионатына және Еуропа ойындарына қатысқан Тимур Белякті жеңді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл туралы Sports.kz мәлім етті.
Жекпе-жек Киевте Украина лигасының Mahatch FC турнирінде өтті. Қазақстандық қарсыласын ауыр нокаутқа жіберді.
Әшімов ережесіз жекпе-жектегі соңғы айқасын 3 қазанда Naiza Fighting Championship 34 турнирінде өткізіп, әзербайжан спортшысы Серхан Валилиді нокаутқа түсірген болатын.