• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Коронавирус 15 Желтоқсан, 2021

Бекшин коронавирусқа қарсы тиімді вакцинаны атады

355 рет
көрсетілді

Жандарбек Бекшин Facebook-те жариялаған бейне-баяндамасында қала тұрғындары тарапынан елімізде салынып жатқан вакциналардың тиімділігі мен қауіпсіздігіне қатысты көптеген сұрақтар түсіп жатқанын жеткізді, деп жазады Egemen.kz.

Оның айтуынша, сәуір айынан бері департамент мамандары вакцинаның толық курсынан өткен адамдарға 42-45 күн өткенде коронавирус ауруына қатысты мониторинг жүргізіп келеді.

«Қалада ауруға қайта шалдыққандардың жалпы саны - 3 239 жағдай. Бұл вакцинаның толық курсын алған 987 мыңнан астам адамның 0,33 пайызы. Вакцинаның толық курсын алған соң Алматы қаласында коронавирус жұқтырғандар көрсеткіші мынандай: «Спутник V» – 0,37%, Hayat-Vax – 0,26%, «Синовак» – 0,19%, QazCovid-in (QazVaс) – 0,17%. Вирус жұқтырғандардың басым көпшілігінде сырқат жеңіл өткен», деді ол.

Сонымен қатар ол отандық QazCovid-in вакцинасын алғандар арасында қайта виурс жұқтыру төмен екенін айтты.

«Статистикаға қарасақ, коронавируспен қайта ауырғандар арасында ең төменгі көрсеткіш отандық ғалымдар жасап шыққан QazCovid-in вакцинасын алғандар. Оның үстіне отандық вакцинаны алғандарда екпенің жанама әсері аз болған. Сондай-ақ вакцинаның тиімділігі ұзақ уақытқа жеткені байқалды. Осыған орай дәрігерлер ревакцинацияға QazCovid-in лайықты деген шешімге келді», деді Жандарбек Бекшин.