Жапонияның батысындағы Осака қаласындағы емханада болған өрттен қаза тапқандар саны 19-ға жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өрт алты қабатты үйдің төртінші қабатында орналасқан терапевтік емханада болған.
Киташинчи ауданындағы өрт туралы хабар аймақ әкімшілігіне жергілікті уақыт бойынша сағат 10:20-да түскен. Оқиға орнына 70 өрт сөндіру бригадасы мен жедел жәрдем көлігі жіберілді.
Өрт жергілікті уақыт бойынша сағат 10:45-те сөндірілді.
NHK қоғамдық телеарнасының хабарлауынша, 28 адам зардап шеккен.
Тілсіз жаудың неден пайда болғаны анықталып жатыр.