Әлем 18 Желтоқсан, 2021

Пәкістанда газ құбыры жарылды

197 рет
көрсетілді

Пәкістанның Карачи қаласында газ құбырында болған жарылыс салдарынан 12 адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, газ құбырындағы жарылыс Паражха-Човк ауданында болған. Жарылыс кезінде көптеген ғимараттар, кеңселер мен көліктер зақымданды. 

Пәкістанның құқық қорғау органдары жарылыс газдың ауаға таралуынан болғанын жоққа шығармайды, бірақ басқа да нұсқалар болуы мүмкін екенін ескертті.