• RUB:
    5.02
  • USD:
    487.24
  • EUR:
    529.34
Басты сайтқа өту
Әлем 18 Желтоқсан, 2021

Италияда құрылыс краны құлады

295 рет
көрсетілді

Туриндегі Генуя көшелерінің бірінде құрылыс краны құлады. Соның салдарынан үш жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қайтыс болған құрылысшылар кран үстінде болған. Олардың бірі бетон плитаның астында қалды.

Кранның өзі құлағаннан кейін төрт бөлікке бөлінген. 

Екі қызметкер сол жерде бірден қайтыс болды, үшіншісі бірнеше сағаттан кейін Туриндегі ауруханада қаза тапты.

Тағы бір құрылысшы мен қасында тұрған екі адам (33 жастағы ер адам мен 61 жастағы әйел) жергілікті ауруханаға жеткізілді.