• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 20 Желтоқсан, 2021

Ван И: Тайвань – Қытайға қарсы қолданатын қару емес

638 рет
көрсетілді

Қытай елінің сыртқы істер министрі Ван И Тайвань бұғазы өзге елдердің Қытайға қарсы қолданатын қаруы болмайтынын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Тайвань – басқа күштер ойында пайдаланатын шахмат фигурасы емес, үйге оралған саяхатшы», деді Қытайдың сыртқы істер министрі Ван И халықаралық жағдай және Қытай дипломатиясы конференциясының ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде.

«Расында Тайвань бұғазындағы шиеленістің жаңа кезеңі басталған секілді. Мәселенің мәнісі сол, Тайвань билігі Вашингтонға тәуелсіздікке ұмтылу үшін сенім артпақ, ал АҚШ және басқа да жекелеген елдер Тайваньды Қытайды бақылау үшін пайдалануға ниетті», деді Ван И.

Ол осы қарама-қайшылыққа толы әрекеттер қарым-қатынас мәртебесін өзгерткенін және Тайвань бұғазындағы тыныштыққа әсер еткенін, сонымен қатар халықаралық қауымдастықтың келісімі мен халықаралық қатынастардың негізгі нормаларын бұзғанын атап өтті.

«Тайвань – Қытайға қарсы қолданатын қару емес. Қытай барлық жағдайда бірігуі тиіс. Солай болады», деді министр ойын түйіндеп.