Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Президентке 11 ай ішіндегі елорданың әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық дамуы туралы ақпарат берілді.
Сонымен қатар Алтай Көлгінов елордада эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру үшін жүзеге асырылып жатқан шаралар мен халыққа вакцина салу жұмыстарының барысы туралы баяндады.
Қасым-Жомарт Тоқаев елорда әкіміне жылумен қамту, инфрақұрылым, инженерлік желілер, әлеуметтік тұрғын үйлер мен нысандардың құрылысы сияқты салалар бойынша қордаланған мәселелерді шешуге қатысты, сондай-ақ шағын және орта бизнесті дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу үшін қолайлы жағдай жасау жөнінде бірқатар тапсырма берді.