Коронавирустық инфекцияның «омикрон» штамының таралуына байланысты Давоста өтетін жыл сайынғы дәстүрлі форум уақыты кейінге шегерілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл туралы Дүниежүзілік экономикалық форумның ресми веб-сайтында ақпарат тарады.
«Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын форумды жоспарлаған уақытта өткізу мүмкін емес болып отыр. Оған коронавирустық инфекцияның «омикрон» штамының таралуы түрткі болды. Сондықтан қаңтар айына жоспарлаған форум алдағы жылдың жаз мезгіліне ауыстырылды», делінген ұйымның ресми сайтында.