• RUB:
    5.61
  • USD:
    479.4
  • EUR:
    522.93
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Желтоқсан, 2021

Алматыда тарихи ескерткіштің қасбетін қайта жөндеу басталды

183 рет
көрсетілді

Алматы қаласы Назарбаев даңғылындағы тарихи ғимараттың қаптамасы мен жарық­тан­дыруы жаңартылуда. Бұл құрылыс В.И.Ленин музейі кешені ретінде кеңестік жыл­дары әзірленген болатын. 1986 жылы объектінің құрылыс жұмысы тоқтатылды, объектінің дайындығы сол кезде 90%-ды құраған.

Жеті жылдан кейін 1993 жылы құрылыс жаңартылды, бірақ ғимараттың жобасы өзгертіліп, Қазақстан Президентінің резиденциясы ретінде салу жалғастырылды. Құрылыстың аяқталған күні 1995 жыл деп белгіленген.

Жобаның авторлары: Қалдыбай Монтахаев, Сұлтан Баймағамбетов, Құмарбек Нұрманбетов, О.Цай, құрылысшы – Талғат Алпысбаев.

Астанаға көшкеннен кейін ғимарат резиденция мәртебесін сақтап қалды, 2000 жылы резиденция кешені Қазақстанның республикалық маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштер тізіліміне енгізілген болатын. Ғимарат мемлекеттік күзеті­летін объектіге жатады.

Қасбетті қайта жөндеу объектінің сыртқы көрінісін өзгертпейді: жұмыстар қатаң түрде тарихи нұсқадағы параметрлерге сәйкес жүргізілетін болады.

 

Қазақстан Республикасы Президенті

Іс Басқармасының баспасөз қызметі