• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 21 Желтоқсан, 2021

Макгрегор жекпе-жекке қайта орала ма?

219 рет
көрсетілді

UFC президенті Дана Уайт ұйымның бұрынғы чемпионы ирландиялық Конор Макгрегордың октагонға шығу мерзімі туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазіргі уақытта екі салмақ дәрежесіндегі бұрынғы әлем чемпионы турнирлерге қатыспайды, ол аяғы сынғаннан кейін денсаулығын қалпына келтіріп жатыр. Конор бұл жарақатты UFC 264 аралас жекпе-жек жарыстарында алды. Сол жекпе-жекте оның қарсыласы Дастин Порье жеңіске жеткен болатын.

«Бұл жігіттің ақшасы көп, бірақ ол әлі де ұрысқа деген құштарлығын жоғалтпады. Ол маған жекпе-жектерге қайтып оралғысы келетінін айтты. Сіздер де оның айтқанын естисіздер, оның жазбаларын көресіздер. Сонымен, Конор қашан оралады? Егер жарақаты қалпына келсек, онда жазда оның оралуын күтуге болады», деді UFC президенті Дана Уайт.