• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Парламент 22 Желтоқсан, 2021

Парламент Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы құжатты қабылдады

135 рет
көрсетілді

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» заң жобасына Сенат енгізген өзгерістермен келісті, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

«Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» заң жобасына Парламент Сенатының енгізген өзгерістерін қарастыра отырып, бұл өзгерістер заң жобасының нормаларын нақтылауға бағытталғанын және оның тұжырымдамасын өзгертпейтінін атап өтеді», деді Мәжіліс депутаты Дмитрий Колода.

Түзетулер Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметі кепілдігіне және баяндамалар даярлау мәселелеріне байланысты.

«Комиетет (Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті) енгізілген түзетулермен келісуді ұсынады», деді Д. Колода.

Құжатты қарау кезінде палата депутаттары бұл ұсынысқа қолдау білдірді.