• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Коронавирус 22 Желтоқсан, 2021

Шетелге шықпаған отбасынан «омикрон» штамы анықталды

434 рет
көрсетілді

Жапонияда коронавирустық инфекцияның «омикрон» штамы шетелге шықпаған отбасынан анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Осакадағы отбасының үш адамынан «омикрон» штамының белгілері анықталғаны мәлім болды. Бұл туралы жергілікті билік хабар таратты.

«Covid-19-дың «омикрон» штамын жұқтырудың алғашқы үш жағдайы шетелге шықпаған үш адамнан тұратын отбасында анықталды», деді Осака префектурасының губернаторы Хирофуми Ёсимура.