Мьянманың Качин штатындағы Пхакан қалашығы маңында жер көшкіні кезінде 100-ге жуық адам хабар-ошарсыз кетті, он адам қайтыс болуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz Irrawaddy басылымына сілтеме жасап.
«Сәрсенбіде Качин штатының Пхакан аймағында көшкіннен кейін 100-ден астам адам хабар-ошарсыз кетті. Қайтыс болған адамдар саны белігісіз», деп жазады басылым.
Апатты салдары бар жер көшкіні көбінесе Пхакан аймағындағы Джейд карьерлерінде болады. Өйткені сол аймақта Қытайдың нарықтарына жеткізілетін нефрит пен жадеит өндірісінің негізгі қуаты шоғырланған.