• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Кәсіпқой бокс 22 Желтоқсан, 2021

2022 жылы Даниярды қандай кездесулер күтіп тұр?

323 рет
көрсетілді

Жақында ғана IBO тұжырымы бойынша жартылай орта салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атағына қол жеткізген кәсіпқой боксшы Данияр Елеусіновті 2022 жылы үлкен жекпе-жектер күтіп тұр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы Олимпиада ойындарының чемпионы Данияр Елеусіновтің менеджері Элвис Креспо мәлімдеді. Ол өз сөзінде Даниярдың соңғы жекпе-жегіне қатысты пікірімен де бөлісті.

«Данияр Елеусіновтің соңғы жекпе-жегі маған ұнады. Көңілімнен шықты. Ол барлық раундта қарсыласынан басым екенін айқын көрсетті. 12 раунд жұдырықтасқаны дұрыс болды деп есептеймін. Неге десеңіз соңғы екі жылда ол рингте бар болғаны 9 раунд қана өткізді. Даниярдың сол қолындағы жарақаты жазылған соң біз оны шаршы алаңға көбірек шығара бастаймыз. Бір анығы 2022 жылы қазақ боксшысын үлкен жекпе-жектер күтіп тұрғаны сөзсіз», деп түйіндеді менеджер өз ойын.