Осыдан біраз уақыт бұрын Алматы облысы әкімінің «Самғау» жүлдесі туралы байқау жарияланған болатын, деп хабарлайды Egemen.kz.
БАҚ өкілдеріне арналған байқауға Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы мен өзекті мәселелерін қаузап жазатын журналистердің қатыса алатыны ережеде көрсетілген еді. Тілінің ебі, қаламының желі бар жүйріктер сынға түскен байқауда «Egemen Qazaqstan» газеті интернет редакциясы бөлімінің жетекшісі Динар Керім «Жылдың үздік республикалық тілшісі» аталымында топ жарып, арнайы дипломға және қаржылай сыйлыққа ие болды.