• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Желтоқсан, 2021

Алаяқтар қазақстандықтарды 17 млн теңгеге сан соқтырды

314 рет
көрсетілді

Шымкентте адамдарды алдап, ақшаларын иемденген екі алаяқ ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық ПД мәліметтері бойынша, 2021 жылдың басынан бастап полицияға интернет-алаяқтардың әрекеттерінен зардап шеккендердің өтініштері түсе бастаған.

«Алаяқтар микрокредиттік ұйымдар арқылы өзгенің атынан 105 мың теңгеден 140 мың теңгеге дейін қарыз рәсімдеген», деп жазады ПД баспасөз қызметі.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер Шымкенттің 26 жастағы екі тұрғынын ұстады.

«Жалған банктік карталарын пайдалана отырып жалпы көлемі 17 млн теңгеге материалдық залал келтірді. Олар бүкіл республика бойынша әрекет еткен. Полицейлер күдіктілердің интернет-алаяқтықтың 150 фактісіне қатысы бар-жоғын анықтап жатыр», деп қосты департамент. 

Полиция ҚР ҚК 190-бабы «Алаяқтық» бойынша қылмыстық іс қозғады.

Тергеу амалдары жүргізілуде.