• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 23 Желтоқсан, 2021

Қазақстан өлім жазасынан толықтай бас тартты

2420 рет
көрсетілді

Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Сенаторлар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өлім жазасын жою мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» заңды қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Отырыс кезінде бұл заң елімізде өлім жазасын қолдану аясын кезең-кезеңмен қысқартуға бағытталған жұмыстың лайықты жалғасы екені атап өтілді. Мемлекет басшысы қараша айында өткен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында Қазақстанда өлім жазасы қандай да бір ескертпесіз жойылуға тиіс екені айтқан еді. Сондықтан бұл заңның қабылдануын сенаторлардың ел Президентінің тапсырмасын орындаудың нақты нәтижесі және қоғамды алаңдатқан сауалға берілген жауап ретінде қабылдауға болады.

«Осы заңды қабылдай отырып, Қазақстан өлім жазасына заң жүзінде тыйым салған елдер тобына қосылды. Сондай-ақ еліміз өлім жазасын толығымен жоюға арналған халықаралық қозғалысты қолдайтынын заң арқылы дәлелдеп отыр», деді Сенат Спикері.

Айта кетейік, 2003 жылдан бастап Қазақстанда өлім жазасына мораторий жарияланған болатын. Келесі 18 жыл ішінде өлім жазасы түріндегі жаза қолданылуы мүмкін қылмыстар үшін баптардың тізімі кезең-кезеңімен қысқартылып отырды. Бұл шара Қылмыстық кодекстің соңғы мәтінінде қылмыстың 17 түрі бойынша көзделген еді.