Шығыс Қазақстан облысында жасанды жолмен қар көшкіні түсірілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, соңғы күндері өңірде қалың қар жауып, қатты жел соғуына байланысты таулы аймақтарда көшкін жүру қаупі арта түскен.
Соған байланысты «Қазселденқорғау» ШҚОФ мамандары «Өскемен-Самар» тасжолының маңында жасанды жолмен қар көшкінін түсірді. «5 рет жарылыс жасалып, 2450 текше метр қар түсірілген. Қар жолды жартылай жауып қалды. Осылайша, аса қауіпті учаске қардан тазартылды», делінген ақпаратта.
Айта кетейік, өңірде қар көшкіні қаупі бар кезең басталғалы бері 18 рет көшкін түсіру жұмыстары жүргізіліп, 15190 текше метр қар түсірілген.