Алматы қаласы бойынша «Елбасы Медалі» бағдарламасына қатысып, медаль иегері атанған жастар марапатталды, деп жазады Egemen.kz.
«Елбасы Медалін» 199 қатысушы иеленді. Олардың қатарында мектеп оқушылары, студент, кәсіпкер, өзін-өзі жұмыспен қамтушылар да бар. Марапат иелерінің тізімін мына жерден көре аласыздар.
Биыл мамыр айында бастау алған жобаға барлығы 2464 өтінім келіп түсті. Қазіргі таңда Алматы қаласы бойынша бағдарламада 1064 қатысушы өз бақтарын сынады.
Аталған іс-шара аясында «Елбасы Медалі» жобасының белсенді жастарын, медаль иегерлерін қала басшылығы, депуттаттар, өнер азаматтары марапаттайтын болады. Былтырғы жылдың нәтижесі бойынша 261 қола медаль иегерлері наурыз айында, 15 қатысушы қазан айында марапатталған болатын. Айта кетейік, Алматы қаласы бойынша бағдарламаның 51 медаль иегерлері мемлекеттік грант ұтып алды.
Еске салайық, қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 249 қаулысы негізінде бекітілген, «балалар мен жастарды патриоттық танытқаны және белсенді азаматтық ұстанымы үшін ерекшелік белгісімен наградтау қағидаларын» орындау мақсатында еліміздің ең ауқымды челленджі болып саналатын «Елбасы медалі» бағдарламасы Алматы қаласы бойынша бастау алған болатын.
«Елбасы медалі» бағдарламасын «El Umiti» бастамасы аясында Нұрсұлтан Назарбаев қоры және «Елбасы академиясы» корпоративтік қоры жүзеге асыруда. Жобаны ұйымдастырудағы серіктестердің бірі - «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы және «Қазақстан жастарының конгресі» ЗТБ болып табылады.