Чикаго маңындағы Оук-Брукте болған атыс кезінде төрт адам зардап шекті. Бұл туралы журналистерге онлайн форматтағы баспасөз мәслихатында Оук Брук полиция департаментінің өкілі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Сауда орталығының дәлізінде таныс екі адам бір-біріне оқ жаудырған. Салдарынан бірнеше адам жараланған», деді ол.
Полиция өкілі төрт жәбірленушінің ауруханаға жеткізілгенін, олардың арасында оқ атқандардың бірі болуы мүмкін екенін айтты. Тағы бір қарулы адам ұсталды. Зардап шеккендердің өміріне төнген қауіп жоқ.
Полицейлер сауда орталығын тексеруді жалғастыруда. Қақтығыстың себептері туралы ақпарат айтылмады.