Шығыс Қазақстан облысында республикалық маңызы бар жолдардың бірі жабылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 24 желтоқсанда күн райының нашарлауына, нақты айтқанда қатты боран соғып, жолдың нашар көрінуіне байланысты республикалық маңызы бар «Омбы-Майқапшағай» тасжолының 756-906 шақырымында (Семей қаласы мен Жарма ауданы Қалбатау ауылының аралығы) көліктің барлық түрі үшін қозғалыс жабылды.