Шығыс Қазақстан облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты бірқатар жол жабылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі мәлім еткендей, 24 желтоқсанда ауа райының нашарлауына, нақты айтқанда қатты боран салдарынан жолдың нашар көрінуіне байланысты таңғы сағат 10:00-ден бастап республикалық маңызы бар «Өскемен-Семей» тасжолында көліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді.
Семей қаласы мен Қалбатау ауылының аралығындағы «Семей-РФ шекарасы» тасжолында автобустар мен жүк көліктерінің жүруіне шектеу қойылды.