• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 24 Желтоқсан, 2021

Петропавлда бірнеше мектепке Алаш қайраткерлерінің есімі беріледі

324 рет
көрсетілді

Петропавлдағы 4 мектепке Смағұл Сәдуақасұлы, Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы және Қажымұқан Мұңайтпасовтың есімдері берілмек. ҚР Үкіметінің қаулысы ашық нормативтік-құқықтық актілер сайтында жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Петропавлдың 4 мектебіне Алаш қайраткерлерінің есімдерін беру туралы Солтүстік Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының ұсынысы Үкіметте қаралып, қолдау тапты.

Тиісті құжат ашық нормативтік-құқықтық актілер сайтында жарияланып, көптің талқысына ұсынылды. Қоғамдық талқылау 2022 жылдың 5 қаңтарына дейін жалғаспақ.

Құжатқа сәйкес Петропавл қалалық № 25 жалпы білім беретін орта мектепке – қоғам қайраткері, Алаш партиясының жетекшісі Әлихан Бөкейханның, №2 орта мектепке – мемлекет, саяси, мәдениет қайраткері, СҚО тумасы Смағұл Сәдуақасұлының, №9 орта мектепке қазақтың ақыны, қоғам қайраткері, ағартушы, Алаш Орда өкіметінің мүшесі Ахмет Байтұрсынұлының есімі беріледі. Ал ұлттық спорт түрлерінен облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі қазақтың тұңғыш кәсіпқой балуаны Қажымұқан есімімен аталмақ.