• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 24 Желтоқсан, 2021

Қателесіп аударған 800 мың долларды кері қайтармайды

673 рет
көрсетілді

«Талибан» ұйымының жетекшілері қателесіп, Душанбедегі Ауғанстан елшілігіне 800 мың доллар аударған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл ақпарат тарап кеткен соң Ауғанстан елінің төтенше және өкілетті елшісі Мұхаммед Захир Агбар қаражат оларға кері қайтарылмайтынын мәлімдеді.

«Талибан» ұйымының 800 мың долларды қайтаруды талап етуге құқығы жоқ. Өйткені Ауғанстан елшілігі Ауғанстан Ислам Республикасының ресми дипломатиялық ведомствосы екені мәлім. Сондықтан олардың мұндай сұрақпен қайырылуға құқығы жоқ. Бізге түрлі органдардан қаржы келіп түседі», деді ол өз сөзінде.

Сондай-ақ ол өз сөзінде террористік әрекеті үшін БҰҰ тарапынан санкция салынған ұйымды әлем елдері секілді Ауғанстанның да мойындамайтынын атап өтті.