• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 25 Желтоқсан, 2021

ШҚО-да аудан әкімі қарамағындағы қызметкері жемқорлық жасағаны үшін қызметінен кетті

184 рет
көрсетілді

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының әкімі Тамара Рахымжанова қарамағындағы қызметкерді сыбайлас жемқорлық үшін сотталғаннан кейін қызметінен кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тамара Рахымжанова отставкаға кеткенін Instagram-дағы парақшасында хабарлады. Себебін де сол жерде жазған.

«Орынбасарларымның бірі сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотталды. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» ҚР Заңының 60-бабына сәйкес, егер тағайындалған күннен бастап үш ай өткеннен кейін тікелей бағыныстыларға сыбайлас жемқорлық қылмыс жасалған жағдайда аудан әкімі орнынан түсуге өтініш береді», дейді Тамара Рахымжанова.

Сонымен қатар, 2021 жылдың 19 қарашасында аудан әкімінің орынбасарына қатысты қылмыстық іс бойынша ШҚО Апелляциялық сотының үкімі шыққанын хабарлады.

«Соттың айыптау үкімі заңды күшіне енгеннен кейін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес отставкаға жазбаша өтініш бердім», деді ол.

Еске салайық, аудан әкімі лауазымына Тамара Рахымжанова 2020 жылдың 18 қыркүйегінде тағайындалды, бұған дейін ол Өскемен қаласы әкімінің орынбасары болған.