Қазгидромет 26 желтоқсанда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл күні атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты ҚР-ның басым бөлігінде қар жауады. Еліміздің батысында, оңтүстік бөлігінде жауын-шашын болады, таңертең және күндіз таулы аудандарында жаңбыр мен қар жауады, тұман болады. Елдің оңтүстігінде, батысында көктайғақ, солтүстік бөлігінде жаяу бұрқасын соғады, батысында, оңтүстік-шығысында желдің күшеюі күтіледі.
Ақмола облысының оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Алматы облысының оңтүстігінде түнде және таңертең тұман болады, Алакөл ауданында жел 17-22 м/с күшейеді.
Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында және таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі, таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді. Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында тұман, көктайғақ, облыстың солтүстігінде жаяу бұрқасын, желдің күшеюі 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Атырау облысының солтүстік-батыста тұман, көктайғақ, облыстың басым бөлігінде жел 15-20 м/с күтіледі. Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі. Күндіз Ақтөбе облысының солтүстік-батысында жаяу бұрқасын, желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі.
Қостанай облысының солтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, Павлодар облысының шығысында, Қарағанды облысының шығысы мен оңтүстігінде тұман күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында желдің күшеюі 15-20 м/с, түнде облыстың солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ, тұман, таулы аудандарында желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі.
Қызылорда облысының оңтүстігінде түнде көктайғақ күтіледі.