Синоптиктер 28-30 желтоқсанда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Солтүстік-батыс циклон елдің солтүстігіне, солтүстік-батысына және шығысына әсер етеді - қар жауып, боран соғып, жел күшейеді.
«Суық ауа массаларының басып кіруі, республиканың басым бөлігінде жауын-шашынның тоқтауы және ауа температурасының төмендеуі күтіледі, тек шығыс пен оңтүстік-шығыста тұрақсыз ауа райы сақталады», деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
Термометр бағандары түнгі уақытта республиканың солтүстік бөлігінде 25-32 градус аязға дейін, орталықта 15-25 градусқа дейін, оңтүстік және шығыс өңірлерде 10-18 градусқа дейін төмендейді.