Ұлттық экономика министрлігі бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша ҚР заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін заң жобасын дайындады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң жобасы мемлекеттік органдарға бюджет қаражатын басқаруда үлкен дербестік беруді, бюджет тұрақтылығын, бюджет қаражатын жоспарлау мен пайдаланудың тиімділігін арттыру мақсатында бюджеттік рәсімдерді оңтайландыруды көздейді.
Атап айтқанда, заң жобасында келесідей өзгерістер мен толықтыруларды көздеу ұсынылады:
1. ҚР Парламентіне және мәслихаттарға бюджет жобасын ұсыну форматын өзгерту. Осылайша, ұлттық жобаны іске асыру үшін қаржыландырудың қажетті көлемі (жылдар бойынша) және қаржыландыру көздері (бюджеттік және бюджеттен тыс қаражат) айқындалады.
Ашықтықты қамтамасыз ету үшін бюджет жобасын Парламентке не мәслихатқа ұсыну және оны бекіту кезінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін және бюджеттік бағдарламаларды көрсете отырып, ұлттық жобалар бөлінісінде шығыстарды бюджет жобасына қоса беру ұсынылады.
Бұл ретте бюджет құрылымын сақтай отырып, ұлттық жобаның мақсаты төңірегінде бюджеттік бағдарламалар қалыптастыру ұсынылады. Бұл шара бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне қолданыстағы бюджеттік бағдарламаларды ірілендіруге мүмкіндік береді.
2. Бюджет шығыстарын қалыптастыру тәртібін өзгерту. Ұлттық жобаларды енгізумен және оларды бюджетпен тікелей байланыстырумен шығыстардың едәуір бөлігі ұлттық жобаларды іске асыруға бағытталатын болады. Осыған байланысты бюджет шығыстарын бағдарламалық және бағдарламалық емес сипаттағы шығыстарға бөлу ұсынылады.
Бағдарламалық шығыстарға жобаны іске асырудың жоспар-кестесіне сәйкес ұлттық жобаларды іске асыруға арналған шығыстар енгізіледі.
Бағдарламалық емес сипаттағы шығыстарға ұлттық жобаларға енгізілмеген мемлекеттік органдардың функциялары мен міндеттерін орындауға арналған шығыстарды жатқызу ұсынылады, мысалы:
мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыру және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсету; жалпы сипаттағы трансферттерді беру; мемлекет міндеттемелерін орындау.3. Шығыстардың жаңа блоктық сыныптамасын енгізу. Блоктарға арналған шығыстарды: бағдарламалық шығыстар мен бағдарламалық емес сипаттағы шығыстарды бөлуге сәйкес келетін бюджет шығыстарының жаңа блоктық сыныптамасын енгізу ұсынылады.
Шығыстарды жоспарлау рәсімдерін жеңілдету. Жаңа бастамаларға шығындарды жоспарлаудың жаңа тәсілдері.
Жаңа бастамаларға арналған шығыстарға мыналар жатады:
Кейіннен жаңа бюджеттік бағдарламалар бойынша қаржыландырылатын әлеуметтік-экономикалық дамудың жаңа басым бағыттарын іске асыруға; Макроэкономикалық және әлеуметтік көрсеткіштердің өзгеруіне байланысты емес және қолданыстағы бюджеттік бағдарламалар шеңберінде бюджет қаражатын жұмсаудың қосымша бағыттарын (орындалатын мемлекеттік функциялар, өкілеттіктер және көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көлемін кеңейту) көздейтін базалық шығыстарды ұлғайту.Шығыстардың мұндай бөлінуі бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджет қаражатын басқарудағы еркіндігін шектейді және шығыстарды жоспарлау уақытын арттырады.
Осыған байланысты, құпия сипаттағы ақпаратқа және қызмет бабында пайдалануға қатысты шығыстарды қоспағанда, базалық шығыстар бойынша бюджеттік өтінімді бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға қағаз жеткізгіште ұсыну қажеттілігін алып тастау ұсынылады.
Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган мен республикалық бюджет комиссиясы ұсыныстарды шығыстардың жаңа бастамалары бойынша ғана қарайтын болады.
4. Жаңа бастамаларға арналған бюджет шығыстарын жоспарлаудың жаңа тәсілдері. Жаңа бастамаларға арналған шығыстарға мыналарға бағытталған шығыстарды жатқызу ұсынылады:
ұлттық жобаға, саланы дамыту тұжырымдамасына, сондай-ақ ҚР қабылданған заңнамалық актілеріне сәйкес әлеуметтік-экономикалық дамудың жаңа бағыттарын іске асыру; қолданыстағы бюджеттік бағдарламалар шеңберінде бюджет қаражатын қосымша жұмсауды (орындалатын мемлекеттік функциялар, өкілеттіктер және көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көлемін кеңейту) көздейтін базалық шығыстарды ұлғайту.5. Бюджет шығыстарын жоспарлау үшін құжаттарды ұсыну тәртібі мен мерзімдерін өзгерту. Бюджет шығыстарын жоспарлау үшін құжаттарды ұсынудың мынадай мерзімдерін белгілеу ұсынылады:
ағымдағы қаржы жылының 15 сәуіріне дейінгі мерзімде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ведомстволық бюджет комиссиясы мақұлдаған даму жоспарларының жобалары немесе даму жоспарларына өзгерістер мен толықтырулардың жобалары; даму жоспарлары жобаларының мақсаттары мен нысаналы индикаторларына қол жеткізу үшін қаржылық қажеттілікті есептеу; ағымдағы қаржы жылының 15 мамырына дейінгі мерзімде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджет комиссиясына ведомстволық бюджет комиссиясы мақұлдаған даму жоспарларының жобаларына немесе даму жоспарларына өзгерістер мен толықтырулардың жобаларына қорытындылар шығарады; бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган шығыстар лимиттерін қалыптастырған ағымдағы қаржы жылының 1 маусымына дейінгі мерзімде; ағымдағы қаржы жылының 15 маусымына дейінгі мерзімде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға бюджеттік өтінімдер толық көлемде және бюджеттік бағдарламалардың жобалары.6. Бюджеттің тұрақтылығын арттыру. Президент резервінің мөлшерін республикалық бюджет шығыстарының жоспарланған көлемінің екіден бес пайызына дейін ұлғайту ұсынылады.
7. Мемлекеттік органдардың даму жоспарларын және бюджеттік бағдарламаларды бекіту тәртібін оңайлату. Мемлекеттік органдардың даму жоспарларын және бюджеттік бағдарламаларды әзірлеу мен іске асыру, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалар шеңберінде қаражатты жедел басқару жөніндегі рәсімдерді оңайлату үшін мемлекеттік жоспарлау және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдардың бюджет процесіндегі өкілеттіктерінің аражігін ажырату ұсынылады:
мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға мемлекеттік органдардың даму жоспарларының жобаларын және(немесе) оларға өзгерістер мен толықтыруларды қарау және келісу; бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға бюджеттік бағдарламалардың жобаларын қарау және келісу.Бұдан басқа, бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) тәртібін және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды айқындау жөніндегі өкілеттікті бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға беру ұсынылады.
Құжаттың толық нұсқасы «Ашық НҚА» сайтында 14 қаңтарға дейін көпшілік талқылауы үшін жарияланған.