• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Руханият 27 Желтоқсан, 2021

Тараздағы «Баспасөз үйіне» Шерхан Мұртазаның есімі берілді

595 рет
көрсетілді

Тараз қаласындағы «Баспасөз үйіне» Қазақстанның халық жазушысы – Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының иегері Шерхан Мұртазаның есімі берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Үкімет қаулысында «Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының «Баспасөз үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Шерхан Мұртазаның есімі берілсін», делінген.

Қазақ руханиятының қайыспас қара нары болған Шерхан Мұртаза 2018 жылы 9 қазан күні  87 жасында дүниеден өтті. Жамбыл облысында «Баспасөз үйінен» бөлек «Руханият және тарихтану» орталығы да жазушының есімімен аталады.