• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Желтоқсан, 2021

«Әл-Фараби» – «Ой дода» жеңімпазы

352 рет
көрсетілді

Түркістан облысы Келес ауда­нында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және облыс­тық «Жастар ресурстық орта­лығының» құрылғанына 10 жыл толуына арналған респуб­ликалық «Ой дода» интеллектуалды сайысы өтті.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев­тың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы және «Ел­діктің жеті тұғыры» қағи­да­тының алтыншы – «Білім мен еңбек – ба­қуатты өмірдің кілті» атты тар­ма­ғы аясында өткен білім сайысына Ал­маты, Шымкент қалалары, Жам­был, Қызылорда және Түркістан облыстарынан 39 топ бақ сынады. Еліміздің білімді жастарының басын қосқан сайыс өте тартысты өтті. Нәтижесінде, үшінші орынды Түркістан облысының құрамасы, яғни Key To Life командасы иеленсе, екінші орынды Сайрам ауданының «Эрудит» командасы еншіледі. Ал бірінші орынды Алматы қаласының «Әл-Фараби» командасы жеңіп алды. Жеңіске жеткен командаларға аудан әкімі атынан арнайы Алғыс хат және қаржылай сыйлықтар табыс­талды. Сондай-ақ «Үздік ойыншы», «Үздік капитан», «Үздік жауап» аталымдары бойынша да үздіктер марапатталды.

 

Түркістан облысы