• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Желтоқсан, 2021

Шымкент әкімі балалар үйінің тәрбиеленушілерін Жаңа жылмен құттықтады

517 рет
көрсетілді

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Сайрам тұрғын алабындағы №4 балалар үйіне арнайы барып тәрбиеленушілер әзірлеген жаңажылдық мерекенің қонағы болды, деп жазады Egemen.kz Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қала басшысы балалар мен тәрбиешілерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, ақжарма тілегін жеткізді. 

Шаһар басшысы балаларға ел Тәуелсіздігі туралы әңгімелеп, мемлекетіміз әрбір азаматтың білімді, салауатты болуы үшін барлық игіліктермен қамтып отырғанын, жаңа мектептер, спорт және ойын алаңшаларын салып жатқанын атап өтті. 

«Барлықтарыңды Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын! Сендер еркін елдің азаматысыңдар. Тәуелсіздік арқылы Отанымыз қуатты елге айналуда. Еліміздің жарқын болашағы өздеріңмен байланысты. Сендермен бірге Шымкент қаласы өсіп-өркендеп келеді. Қаламыздың басты байлығы – ол тұрғындары. Қаламызға әрқашан білімді, білікті мамандар керек. Сондықтан жақсы оқыңдар, талапты болыңдар. Өмірлерің табысты болсын! Болашақтарың баянды болсын! Жаңа жыл әрбіріңе жақсылығымен келсін!», деді М.Әйтенов. 

«Жарқыра, жайна, Жаңа жыл, – Тәуелсіз қазақ елінде» тақырыбында өткен мейрамда барлық балаларға сыйлықтар мен тәттілер үлестірілді. Мерекелік кеш ертегі кейіпкерлердің қойылымымен және әсем әуенмен жалғасын тапты. 

1957 жылы құрылған мекеме 2014 жылы Шымкент қаласы № 4 балалар үйі мекемесі болып қайта тіркелді. Мұнда 73 бала мемлекет қамқорлығына алынып, тәрбиеленуде.