«Талибан» лаңкестік ұйымының содырлары Кабулда шеру ұйымдастырған әйелдерге оқ жаудырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл туралы Ауғанстанның Asvaka агенттігі Twitter-де хабарлады. Оқиға итальяндық гуманитарлық ұйымның ауруханасы маңында болғаны айтылды.
«Кабул әскерлері АҚШ әскерінің наразылығын болдырмау үшін жедел жәрдем ауруханасы маңындағы аймақта әйелдерге оқ жаудырды», делінген хабарламада.
Әзірге зардап шеккендер мен қайтыс болғандар туралы ақпарат жоқ.
Бұған дейін TOLOnews телеарнасы Ауғанстан астанасында ондаған әйелдің наразылық акциясына шыққанын хабарлаған. Белсенділер өз құқықтарын сақтауды, тұрмыс жағдайын жақсартуды талап етті.