• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Желтоқсан, 2021

Алматыда балаларға қол көтерген тәрбиеші өзіне қол жұмсады

696 рет
көрсетілді

Алматыда балаларға қол жұмсаған балабақша тәрбиешісі өзіне қол жұмсап, қайтыс болды. Бұл ақпаратты қалалық полиция департаменті растады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы полициясында оқиғаның егжей-тегжейі айтылды.«Алматы қаласының полиция департаменті 1979 жылы туған азаматша өз-өзіне қол жұмсағанын растайды. Қазіргі уақытта Жетісу аудандық полиция басқармасы ҚР ҚК 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Мән-жайлар анықталуда», деп хабарлады полициядан.

Еске сала кетсек, балаларға қатысты қатыгез бейнебаян әлеуметтік желілерде жарияланды. Жарияланымның авторы азапталған балалардың еріндері зақымдалып, оқтау соққыларынан қалған көптеген гематомалар болған дейді. Полиция департаменті бұл факті Қылмыстық кодекстің 140-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелгенін хабарлады.

Біраз уақыттан кейін болған оқиғаның мән-жайы анықталды. Әйел бұл балабақшада шамамен екі жыл жұмыс істеді, сол уақыт ішінде оның жұмысына қатысты ешқандай шағымдар болған жоқ. Almaty.tv арнасының репортажында хабарланғандай, ата-аналардың шағымынан кейін мұғалім қызметінен қуылды.