Нұр-Сұлтан-Қарағанды тас жолында автобус пен жеңіл автокөлік соқтығысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Апат болған жерде түсірілген бейнебаян Instagram-да жарияланды.
Елордалық полиция департаменті жол апаты 09:42-де орын алғанын хабарлады.
«Toyota Yaris маркалы автокөлігінің 36 жастағы жүргізушісі Нұр-Сұлтан-Қарағанды тас жолымен жүріп, басқаруды игере алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен. Сол мезетте оған қарсы бағытта келе жатқан VECO Crossway маркалы маршруттық автобусымен бетпе-бет соғылды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Toyota маркалы көліктің жүргізушісі алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Автобус жолаушылары зардап шеккен жоқ», деп түсіндірді Нұр-Сұлтан ПД баспасөз қызметі.
Ведомствода атап өткендей, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.