• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 29 Желтоқсан, 2021

Алматыдағы жағдайдан кейін Қазақстандағы балабақшалардың жұмысы тексеріледі

348 рет
көрсетілді

Жақында Алматыда орын алған ТЖ-дан кейін Қазақстандағы балабақшалардың жұмысы тексерілетін болады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

«Алматыдағы балабақшалардың жұмысын арнайы комиссия тексереді. Оның құрамына білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің өкілдері, сарапшылар, әдіскерлер мен қоғам қайраткерлері кіреді. Осындай жұмыс еліміздің басқа өңірлерінде де жүргізілетін болады», деді ҚР БҒМ баспасөз қызметі.

Комиссия мүшелері мектепке дейінгі ұйымдардағы жағдай мен балабақша қызметкерлерінің жұмысы сапа стандарттарына сәйкестігін тексереді.

«Балабақшаларда 100% қауіпсіз болуы керек. Жуырда Алматы қаласының екі мектепке дейінгі ұйымдарында болған жағдайларға жол берілмеу керек. Балабақшалар әкімдіктердің қарамағында, бұл ретте бұзушылық жағдайларының басым көпшілігі жеке балабақшаларда тіркеледі. Бірақ қауіпсіздікті меншік нысаны мен бағыныстылығына қарамастан қамтамасыз ету қажет», деп қосты Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова.

Оның айтуынша, осы жылдың қыркүйегіне дейін мектепке дейінгі ұйымдардың қызметін мемлекеттік бақылау тетіктері мүлдем болған жоқ.

«Балабақшалар, барлық басқа білім беру ұйымдарына қарағанда, лицензиялаудан босатылды, хабарламалар арқылы ашылып, бұрын жүргізілген мемлекеттік бақылау мен аттестаттаудан босатылды. Тек биылғы жылы ғана біз барлық балабақшаларды мемлекеттік тексеру институтын заңды түрде енгізе алдық. Осыған байланысты наразылық көп болды. Желтоқсан айының басында біз тексерген балабақшалардың 80%-ы білім беру қызметіне қойылатын талаптарға сәйкес келмеуіне байланысты мемлекеттік аттестаттаудан өтпегенін хабарладық», деп қосты Гүлзат Көбенова.

Сондай-ақ, ол комитет мемлекеттік тапсырысты жеке бақшаларға орналастыруға, тәрбиешілердің біліктілігіне және қауіпсіздік мәселелеріне қойылатын талаптарды күшейтетінін хабарлады.

«Сондай-ақ, мектептер мен балабақшаларда педагогикалық жұмысқа алғаш кіріскендердің біліктілігін тәуелсіз тексеру туралы талап енгізіледі», деді ол.

Еске сала кетсек, жақында әлеуметтік желілерде Алматы балабақшаларының бірінде балаларға қатыгездік көрсеткен тәрбиеші туралы видео пайда болған. Аталған факт ҚР ҚК 140-бабы 2-бөлігі бойынша СДТБТ-де тіркелді. Кейінірек мұғалім өзіне қол жұмсағаны белгілі болды.