Қазіргі уақытта «Павлодар жылу желілері» ЖШС Мәшһүр Жүсіп көшесі, 27 мекенжайы бойынша жылумен жабдықтау желілеріндегі ақауларды жою бойынша іс-шаралар жүргізуде, деп хабарлайды Egemen.kz
Павлодар қаласы тұрғын үй инспекциясының мәліметі бойынша оқиға орнына төрт мамандандырылған техника мен бір авариялық бригада жұмылдырылды.Рavlodarnews.kz сайтында уақытша жылудан ажыратылған объектілер тізімі жарияланды:
- Мәшһүр Жүсіп 35/1 (Достық үйі);- Мәшһүр Жүсіп 27 (М.Катаев атындағы Оқушылар сарайы);- Мәшһүр Жүсіп 25, 26 (көп пәтерлі тұрғын үйлер);- 20 үйдің жеке секторы.Жұмысшылар 29 желтоқсан сағат 17:00-ге дейін жылумен жабдықтауды қалыпқа келтіретіні жайлы уәде берді.